Ақылдасу, кеңесу, пікірлесу

lat: Aqyldasý, keńesý, pikirlesý

Қандайда бір істі, мәселені көптің талқысына салып, солардың пікірлерімен есептесу, санасу.

Егерде бала белгілі бір жаман әдетке әуестеніп бара жатса, оның ата-аналарымен ақылдаса отырып, тиісті шара қолдану керек (С. Көбеев).

Ескі ауылдың салты қызық, жергілікті рулардан өзі кедей біреумен кеңесе кетсең, арғы аталарын бай болған деп мақтанады (С. Мұқанов).

 Ғабит аға жасы кішілермен қашан кездессе де, ақыл қосып, әлденелер жөнінде пікірлесіп, өзіңе ой толғандыртып жүреді (М. Әлімбаев).